Аймақтағы COVID-19 жағдайының расталған және карантиннің күшеюіне байланысты, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Алматы облысында карантиндік шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 12 маусымдағы бұйрығына сәйкес, 2020 жылғы 23 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар, елді мекендерде, облыстың аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс шегінен тыс жерлерде 65 жастан асқан азаматтарға, қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер және зейнетақы төлемдері үшін елді мекендер ішінде жүруді қоспағанда қозғалыс шектелген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ересектердің бақылауынсыз өздігінен қозғалуына рұқсат етілмейді.
Бүгінгі күнде Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөлімінде стационарлық емделуде COVID-19 расталған 8 адам және күдікті 10 адам жатыр. Байланыста болған адамдар үй карантинінде. Осыған байланысты, ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК келесі режимде жұмыс істейді:
- науқастарды жоспарлы стационарлық және амбулаториялық емдеуге қабылдау 2020 жылдың 23 маусымынан бастап барлық медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін тоқтатылды;
-жедел медициналық көмекке жүгінген кезде науқастарды қабылдау жүргізіледі;
-дәрігерлермен кеңесу және қабылдау қашықтықтан қызмет көрсету форматында жүзеге асырылады;
- COVID-19 берілуінің прафилактикасы мен өзін-өзі қорғауы мүддесінде сақтық шараларын сақтай отырып, науқастарды, жүкті әйелдерді, байланыста болған науқастарды қоңырау шалу, сондай-ақ үйде болу жолымен медициналық бақылау жүргізіледі;
- тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында рецептерді онлайн режимінде немесе рецепттерді пациенттердің үйлеріне жеткізу ұйымдастырылады;
-Жедел респираторлы вирустық инфекциялар, тұмау және COVID-19 белгілері бар барлық адамдар емханалар мен ауруханалар ғимаратына кіре берістегі белгілері бар «сүзгіден» өтеді;
- барлық кеңестер 2-24-02 телефоны бойынша.
Өз қауіпсіздігіңіз үшін үйде болыңыз және сақтық шараларын сақтаңыз.
ШЖҚ «Уйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК әкімшілігі.
Құрметті Ұйғыр ауданының тұрғындары!