Құрметті аудан тұрғындары, COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар пневмониядан болған өлім жағдайларының көбейіп жатқандығы баршамызға аян болып отыр. Аурудың алдын алу үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір адамдай бірігіп, сырқаттанушылыққа қарсы шараларды бұлжытпай орындауымыз қажет.
Пневмониядан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.06.2020 ж. №43 қаулысының 32-ші қосымшасында көрсетілген «COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритімін» қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады.
1. Қайтыс болған науқастың мәйітін жуу ауруханада жүргізіледі.
2. Қайтыс болған науқастың мәйіті үйде қондырылмай, дереу жерленуі тиіс.
3. Ұлттық әдет-ғұрып бойынша, табытсыз көмген кезде дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») орайды. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
4. Мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шаралары сақталынуы керек. Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында адамдар арасында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтап, 10-15 адамнан артық адамдардың қатысуына жол бермеу қажет.
5. Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде, тікелей көмілген жерде вирусқты жоятын концентрацияда дайындалған дезинфекциялау құралдарымен, дезинфекциялау уақытын (экспозицияны) сақтай отырып залалсыздандырылады.

Ұйғыр ауданының Бас мемлекеттік
Санитариялық дәрігері М. Тохметов
Ссылка: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1578