Атаулы күн, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге ықпал етті.

31 мамыр қарсаңында «JETISÝ MEDIA» қызметкерлері Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағы, арбат пен сауда орталықтарында акция өткізді. Акция аясында, қала тұрғындарына 500-ден астам көк-қара лента естелікке берілді. Осылайша, қалалықтар қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тағзым етті.

Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-1938 жылдары, елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. Ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

31 мамыр - еліміздің тарихында саяси зомбылықтан зардап шеккендерді аза тұтуға арналған дата.

Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие.

Ссылка: https://vk.com/id448237512?w=wall448237512_1469